Қызылордада менингитке шалдыққан азамат көз жұмды

Қазір дәрігерлер инфекцияның тұрғындар арасында тарап кетпеуі үшін алдын — алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Марқұммен тығыз қарым — қатынаста болған 15 адамның сараптама нәтижелері теріс шықты. Ешқайсысынан менингит анықталған жоқ. Барлығы үйлеріне қайтарлды. Дегенмен, алдағы уақытта дәрігерлердің бақылауында болады. Арнайы құрылған штаб жұмысын жалғастырып жатыр. Аудандық аурухана қызметкерлері үй-үйлерді аралап, насихат шараларын атқаруда», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Санаулы күндерден кейін қызылордалық дәрігерлер екпе жұмыстарын бастамақ. Республикадан арнайы дәрі-дәрмектердің жеткізіледі деп күтілуде.

Айта кету керек, марқұмның қандай жағдайда инфекцияны жұқтырғаны белгісіз. Ол өзге облыстарға бармаған.

Дереккөзkazinform.kz