Қазақстанда үш тілді оқыту жүйесі тоқтатылмайды

«Үштілді оқыту мәселесі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Бұл өзі 2019-2020-шы оқу жылының үлесі. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы, яғни, алдағы қыркүйек айынан бастап бірінші сыныпқа балаларымыз жаңартылған бағдарламамен келеді. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, тек 2013 жылы балаларымыз бірінші сыныпты ағылшын тілімен оқып бастаған. Қазір ол балалар үшінші сыныпты бітірді. Енді төртінші сыныпқа өтеді. Осылайша, барлығы да жоспарлы түрде ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде», — деді Жаңыл Жонтаева.

– Сонда үш тілде білім беру жүйесі тоқтатылған жоқ па?

– Ешқандай да тоқтатылған жоқ, жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылы басталған бағдарлама ол қазір жүріп жатыр, — деді Жаңыл Алпамысқызы.

Айта кетейік, жуырда ғана Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үш тілді оқыту мәселесінен кейін халықтың көңілі өзгеріпкеткендігіне қатысты айтқан пікірі БАҚ беттерінде қызу талқыланған болатын.

Одан кейін осы ойға қатысты министр Мұхамедиұлы арнайы түсініктеме беріп, өзінің көзқарасын мемлекет басшысының үш тілде білім беру мәселесіне қатысты айтқан сөзімен ұштастырған еді.

ДереккөзBAQ.KZ