Конкурстық таңдау арқылы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі болып Апақашов Сағынжан Апақашұлы; Ветеринария басқармасының жетекшісі болып Тұрсынбеков Қайырбек Серікұлы; Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі болып Карпов Дмитрий Васильевич тағайындалды.
Облыс әкімі жаңадан тағайындалған басқарма басшылары алдында тұрған жаңа міндеттерді атап өтті.
«Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция мен еңбек өндірісін, экспорт потенциалын арттыру және инфляциялық үрдістерді бақылау қажет. Ветеринария саласындағы басты мәселе – жануарларды сәйкестендіру, және де мал ауруларының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейту. Ал, спорттағы басты мәселе – легионерлердің аз болғанын қалар едім, жергілікті спортшылар көп болса деймін. Қомақты қаржы жұмсаймыз, сондықтан осы бағытта жұмыс жасау керек. Ол үшін бүгіннен бастап балалар мен жеткіншектер спортын дамыту керек», — деді Ерлан Қошанов.