Бүгін Қазақстанның көп жерлерінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады.

Жамбыл облысының басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысында да түнде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20 метр болмақ.

Ақмола, Павлодар облыстарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, ал күндіз басым бөлігінде 15-20 метр болады

Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.