Ғалымдардың айтуынша, жылына 30  күн ораза тұту дұрыс. Ораза арқылы тек рухани тазарып қана қоймай, денсаулықты да оңалтуға болады.

Әлем тұрғындары арасында жиілеп кеткен қант ауруын емдеу үшін дәрігерлер 10-15 күндей ораза ұстауға кеңес береді. Медицинада тамақтанбаған кезде адамның ұйқы безі демалатыны дәлелденген.

Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға көбірек келеді. Бұл гармондар қатерлі ісік жасушаларының дамуын тежейді. Осылайша ораза рак клеткаларына қарсы қалқан бола алады.

Ораза кезінде адамның есте сақтау қабілеті артады. Сондай-ақ, адам ағзасындағы майлар еріп, метаболизим процесі жақсарады. Соның әсерінен адам салмақ тастап, артық ет пен майдан құтылады.

Ораза тұтқан кезде дене құрылысы ретке келеді, дененің сергектігі артады, адамның иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады.

Медицина
Көрнекі сурет

Бауырдың ас қорыту процесінде маңызы зор. Ораза кезінде бауыр 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Қан қысымы жоғары адамдар үшін ораза дәрі секілді пайдалы.

Француз биологы, ішкі ағзалар бойынша білікті дәрігер болған, Нобель сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің «Белгісіз адам» деген еңбегінде: «Адамдар барлық ғасырларда ораза тұтқан. Сондай-ақ барлық діндер тамақ-судан тыйылып ауыз бекітуге шақырудан ешқашан тыйылған емес. Адам ауыз бекіткенде ең бірінші аштық, одан соң денеде әлсіздік сезінеді. Кейде осының әсерінен адам қобалжуы да мүмкін. Бұл сыртқы болып жатқан жағдайлар, бірақ ішкі организмде құбылыстар бұған қарағанда маңыздырақ. Осы сәтте бүйректегі қант қимылдайды, онымен бірге терінің астында сақталған майлар да қимылдап ериді. Ішкі ағзалар мен жүрек бір қалыпты жұмыс істеуі үшін барлық организм өзіндегі сақталған қордан қажетті энергия жұмсай бастайды. Бұл – болашақта адам организмінің жақсы жұмыс істеуімен қамтамасыз етеді»,-деген.

Ғалымдардың айтуынша, ауыз бекіту арқылы денедегі май құрамы азаюмен қатар, холестерин мөлшері де бәсеңдей түседі екен. Холестериннің азаюы қанның қоюлануының алдын алады.

Ораза дененің бүкіл жүйелеріне әсер етіп, денсаулығын арттыратын қасиетке ие. Алайда тек денсаулықты жақсарту ниетімен ораза ұстау дұрыс емес. Ораза ұстаудағы басты ниет – Алланың әмірін орындау болуы керек. Ал адам денсаулығына пайдалары оның өзгеше жарылқауы мен жақсылығынан туындайды.

Ораза
Көрнекі сурет

Соңғы кезде диетамен қатар ораза ұстау да сәнге айналып бара жатқаны жасырын емес. Барша адам мұқтаж болып жүрген таза медициналық диета арқылы сіз өмір жасыңызды ұзартып, рухани тұрғыдан тазарып, мұсылманның бес  парызының бірін атқара аласыз. Тек ниет дұрыс болса болғаны.

Оразаңыз қабыл болсын!