2016 жылғы Олимпиада ойындарын Рио-де Жанейро қаласы қабылдайтын болды
Ескерте кететін нәрсе, елімізде бокста ғана атаулы лицензия бар. Яғни, лицензия алған спортшының өзі ғана Олимпиадаға қатысады. Ал басқа спорт түрлерінде спортшы Олимпиадаға лицензияны жеңіп алғанымен, ол жарысқа қатысады деп саналмайды. Оның Олимпиадаға баратынын-бармайтынын жаттықтырушылар құрамы ғана шешеді. Сондықтан спортшы тек жолдама алған болып есептеледі.
Қазір төменде көрсетілген спорт түрлерінен ұлттық құрама командалар Олимпиадаға қатысатын спортшылардың тізімін жасақтап қойды. Бұл жерде есу слаломында ғана бір лицензия болғандықтан Ксения Кондратенко немесе Екатерина Смирнованың екеуінің біреуі ғана жарысқа қатыса алады. Әзірше кімнің Олимпидаға қатысатыны белгісіз. Сол сияқты ауыр атлетикада 10 лицензия болғанымен Рио-де-Жанейроға қай спортшының баратыны белгісіз болып тұр. Маусым айында спорттың осы түрінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Сол кезде команданың тізімі жасақталады.
№ | Спорт түрі | Спортшылардың жеңіп алған лицензиялар саны | Лицензиялар саны |
1 | Бокс (ерлер) | 10 | 10 |
2 | Ауыр атлетика | 10 | 10 |
3 | Жеңіл атлетика | 13 | 14 |
4 | Байдарка және каноэмен есеке есу | 12 | 11 |
5 | Нысана көздеу | 4 | 4 |
6 | Қазіргі көпсайыс | 1 | 1 |
7 | Греко-рим күресі | 3 | 3 |
8 | Еркін күрес | 5 | 5 |
9 | Әйелдер күресі | 4 | 4 |
10 | Садақ ату | 2 | 2 |
11 | Жүзу | 1 | 2 |
12 | Велошоссе | 2 | 2 |
13 | Қабырғаға оқ ату | 1 | 1 |
14 | Синхронды жүзу | 2 | 1 |
15 | Велотрек | 1 | 1 |
16 | Әйелдер бокс | 1 | 1 |
17 | Семсерлесу | 1 | 1 |
18 | Үстел теннис | 1 | 1 |
19 | Таеквондо | 3 | 3 |
20 | Көркем гимнастика | 1 | 1 |
21 | Академиялық ескек есу | 2 | 2 |
22 | Есу слаломы | 1 | 1 |
23 | Батутта секіру | 1 | 1 |
Барлығы: | 82 | 82 |