Қасиетті Рамазан айында күн ұзақ әрі ыстық болған соң қарын ашқаннан бұрын қалай шөлдемеуге болады деген мәселе бәрімізді де көбірек толғандыратыны рас. Ораза ұстағандар шөлдемеудің алдын алуға бағытталған шаралар туралы жиі айтып жатады.

Мамандардың айтуынша, ораза ұстаған кезде организм күндіз қорек алмағаны үшін бауыр ферменттерінің жұмыс істеу ритмі бұзылады да бауырдың әлсіреуіне себеп болады. Мұның алдын алу үшін бауырдың жұмысын күшейтетін бақбақ, артишок сусыны, өсімдіктер және жеміс-жидектерді пайдалану ұсынылады.

Ораза кезінде таптырмас азықтың бірі — құрма. Зерттеушілер құрманы көбірек пайдаланған адамдардың организмінде дәрумендердің азаймайтыны байқалғанын айтады.

Газдалған сусындарды пайдалануға мүлде болмайды. Газдалған сусындар организмді уақытша рахаттандырғанымен, жарты сағат өтпей денені қайта шөл қыса бастайды. Оның орнына өрік, алхоры, шиеден жасалған сусындар мен компоттарды пайдалану керек. Аталған сусындар біріншіден шөлдетпейді, екіншіден қандағы қант құрамын қалпына келтіріп, қан қысымын қалпында ұстап отырады. Осылайша, келесі күні емін-еркін ораза ұстауға мүмкіндік береді.

Ораза кезінде шөлдемеу үшін қандай азық-түлік түрлерін пайданбау керек, ал қандай тағам түрлері Рамазан айында пайдалы? Төмендегі суреттерді шерту арқылы ақпаратқа қанық болыңыздар.

Шәй, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс.

Суретті бұру үшін шертіңіз

Ораза кезінде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдардан бас тарту керек.

Суретті бұру үшін шертіңіз

Жеміс-жидектер адам ағзасына пайдалы болғанымен, ораза кезінде шөлдетуі мүмкін.

Суретті бұру үшін шертіңіз

Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған тұзды су ішсеңіз, күні бойы шөлдемей жүресіз.

Суретті бұру үшін шертіңіз

Көкөністерді көбірек пайдалануға тырысыңыз.

Суретті бұру үшін шертіңіз

Share:

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!