Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, «2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізілді.
«2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын», — делінген бұйрықта.
Тізімнің толық нұсқасын adilet.zan.kz сайтынан қарауға болады.
Еске сала кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген. Бағдарламаның мақсаты — еліміз экономикасының басым бағыттары үшін кадрлар мен мамандарды даярлау. Бағдарлама әлемнің алдыңғы қатарлы университеттері мен компанияларында академиялық оқу (магистратура, докторантура) және ғылыми-өндірістік тағылымдамаларды қамтиды.