Қала бойынша жыл сайын жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүреді. Қазір елордада «Астана су арнасы» су құбыры мен канализация желілерін және маңы ойылып қалған су құбыры құдықтарының айналасына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
«Биыл Астанада ұзындығы 45,95 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүреді. Оның 15-і орталық көше, қалған 50-і тұрғын үй алаптарында орналасқан», – деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жолдарды салу және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исаков.