Соңғы үш айда жол апаты азайды

Үш ай ішінде 3047 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4314 адам зардап шеккен. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2,4%-ға азайған.

2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 200 268 жеңіл автомобиль тіркелген немесе бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 75,5% артық. Елімізде 2018 жылғы 1 сәуірдебойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3 839,5 мың бірлікті құрады.

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,9 млрд теңге сомасына 16 895 сақтандыру төлемі жүзеге асырылды.

ДереккөзBaq.kz