«Ақтөбе облысы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша көшбасшы болып келеді. 2 152 пәтер беріліп отыр, оның 962-сі сатылды. Бұдан бөлек жыл соңына дейін тағы 1 655 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарламаның осынша сәтті орындалуы – аймақ әкімдігінің тиімді жұмысының нәтижесі. Банк өз кезегінде қолжетімді займдар беру арқылы салынған үйлерді сатып алуда халыққа көмегін көрсетіп отыр. Жақында «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында несие алу бұрынғыдан да жеңілдей түсетін болады. Банк мемлекеттік бағдарламаның бастапқы жарнасын 30%-дан 20%-ға түсіру туралы бастама көтерді. Өзгеріс жақын арада іске қосылатын болады», — деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ләззат Ибрагимова.
Ақтөбе қаласында банк салымшылары үшін 1 шаршы метр бағасы 110 000-120 000 теңге аралығында болғанын атай кету керек. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасында қарастырылған үй құнынан төмен. Әскери қызметкер Нұрбек Мырзабай 8 млн теңгеге үш бөлмелі үй алып отыр. Төрт жыл ішінде ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитіне үй бағасының 30%-на тең қаражаттың басын құрай алған.
«2014 жылдан бері ай сайын жалақымның бір бөлігін банктегі шотыма аударып отырдым. Бүгін, міне, жаңа үйге кіруге дайындалып жатырмыз. Бірінші кезекте ата-анамды көшіріп алып келемін. Бұған дейін біз отбасы болып пәтер жалдайтынбыз, жайсыз болды, әрі шығыны да көп. Енді несие бойынша ай сайынғы төлемім 40 000 теңгені құрайтын болады. Бұл – мен үшін қолайлы баға», — деп тәжірибесімен бөлісті ҚТҚЖБ клиенті Нұрбек Мырзабай.
Бұдан бөлек жаңа пәтер иелері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақтөбе филиалы қызметкерлері жыл сайын өтетін дәстүрлі «Жасыл Мекен» акциясын бастады. Үй ауласында олар қылқанды және жапырақты ағаштардың 100-ден астам көшетін отырғызды. Банкпен бірге акцияға қатысып, ағаш отырғызған барлық тұрғындар атаулы сертификат пен көшетті қалай күтіп-баптау керектігі туралы нұсқаулық алды. Мұндай сертификатқа ие болған әр жанұя отбасылық ағашымыз бар деп мақтан тұтып, оның жетіліп, жайқалып өсуін қадағалайтын болады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.