Атырауда велоспорт мектебі ашылды

Веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған. Онда 10-16 жас аралығындағы 80 бала велосипед шеберлігін меңгереді. Айта кетейік, мұндай секция Атырауда алғаш рет ашылып отыр.

Атақты спортшылардың құралдары мен коллекциялық велосипедтер аукционы Bike Ride Atyrau-2018 бірінші қайырымдылық веложарысы барысында өтті.

Жалпы Атырау облысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында меценаттардың қолдауымен 1200 орындық 6 балабақша, 2500 орындық 8 спорт кешені салынды. «Ретропарк», «Сазанқұрақ», «Атамекен», «Жеңіс» демалыс саябақтары да пайдалануға берілді.