Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, түнде Атырау облысының, күндіз Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.