WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды

Енді қолданушы басқа қолданушының жіберген сілтемесіндегі видеоны көру үшін чаттан шықпаса да болады. Себебі видео қосымшаның ішіндегі «Суреттегі сурет» режимінде ашылады. Сол себепті қолданушы да видеоны көре отырып, сонымен қатар әңгімелесушіге хабарлама жібере алады. Жаңа қызмет түрі iOS және Android смартфондарында қолжетімді. Оны пайдалану үшін қосымшаның соңғы нұсқасын жүктеу қажет.

Еске сала кетейік, сәуір айында WhatsApp-та өшірілген файлдарды қалпына келтіретін функция пайда болған еді.

Дереккөзbaq.kz