Астанада 7 және 9 мамыр күндері қандай іс-шаралар өтеді?

7, 8 және 9 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылады. Шаралар ашық алаңдарда, концерт залдары мен театрларда өтеді.

Отан қорғаушы күніне орай 7 мамырда қалалық алаңда (әкімдіктің алдындағы алаң, Бейбітшілік к-сі, 11) қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ашық аспан астында үлкен концерт өтеді. Мерекелік шара сағат 13:00-де басталып, сағат 23:00-ге дейін жалғасады. Мөлдір Әуелбекова, Дастан Оразбеков, Бейбіт Қорған, Серік Ибрагимов, Адам, «Арт Домбыра» және «Меломен» топтары және т.б. келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Жеңіс күніне арналған шаралар 8 және 9 мамырда өтеді.

8 мамырда сағат 10:00-де Орталық қалалық зиратта 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдары алған жарақаттардан көз жұмған ақмолалық жауынгерлердің зиратына Даңқ гүл тізбегін қою салтанаты өтеді. Осы күні «Астана» концерт залында «Ұлы жеңіс күні» атты мерекелік концерт көпшілік назарына ұсынылады.

Мәдина Сәдуақасова, Рустем Нұржігіт, Мейір Байнеш, Диная және т.б. шараға арнайы шақырылған қонақтар – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап сағыс жылдарындағы әндерді орындайды. Сондай-ақ концертке елордалық «Жастар» театрының артистері қатысады.

9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүлтізбегін» қою салтанаты өтеді. Содан кейін Студенттік саябақта 11 әскери палатадан құрылған қалашықта ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік дастарқан жайылады.

Жеңіс күнін мерекелеу Студенттік саябақта (Орбита ауданы) және қалалық алаңда жалғасады. Белгілі қазақстандық эстрада әншілері соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Елорда тұрғындары мен қонақтары концертті тамашалай алады.

Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, дәстүр бойынша осы күні елордада ардагерлердің ұрпақтарының «Жаужүрек полк» атты шеруі өтеді. Шеру сағат 12:30-да «Қазақ Елі» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы өтеді.

Шаралардың толық тізімі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.

Отан қорғаушы күні мен 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу аясындағы іс-шаралар жоспары

Іс-шараның атауы

Өткізу күні

Өткізу орны

Жауапты

Отан қорғаушы күні

«Антарес» ресейлік цирк бағдарламасы

29 сәуір

— 27 мамыр

(сб., жс. 16.00)

Астаналық цирк

«Астаналық цирк» МКҚК

«Әдемі-ай» республикалық би фестивалі

7 мамыр

11.00

Бейбітшілік және келісім сарайы

Опера залы

«Студия танца А7» ЖК

Отан қорғаушы күніне арналған концерт

мамыр

13.00-23.00

Қалалық алаң

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні

Л.Крючков, Б.Парманов

«Чем дальше мы уходим от войны…» музыкалық-поэтикалық композиция

4 мамыр

19.00

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

«М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК

Даңқ гүл тізбегі мен гүл себеттерін қою

8 мамыр

10.00-11.00

Орталық қалалық зират

Астана қаласының әкімдігі

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «На линии огня» концерті

8 мамыр

15.00

«Астана» концерт залы

Астана қаласының әкімдігі,

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған жеңіл атлетикалық эстафета

9 мамыр

9.00

Қ. Мұңайтпасов ат. Орталық стадионнан басталады

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы

Даңқ гүлтізбектерін қою

9 мамыр

«Отан қорғаушылар» монументінің жанындағы алаң

Астана қаласының әкімдігі,

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы

Палаталық қалашықтағы шаралар және «Парус» сахнасындағы концерт

9 мамыр

11.30

Мерекелік концерт және халықтық серуен

9 мамыр

10.00

Студенттік саябақ

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт

9 мамыр

10.00-16.00

Қалалық алаң

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Мы помним, мы дорожим!» автошеруі

9 мамыр

11.00

«Қазақстан» СК тұрағынан басталады

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы

Жаужүрек полк» шеруі,

гүлдер қою

9 мамыр

12.30-14.00

Тәуелсіздік даңғ. бойымен «Қазақ елі» монументінен «Отан қорғаушылар» алаңына дейін

Астана қаласының әкімдігі

В.Ежов, Т.Теменов

«Летят журавли» лирикалық драмасы

9 мамыр

19.00

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

«Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» МКҚК

 

Дереккөзbaq.kz