Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда 9...

Көкшетауда 9 мамыр күні ардагерлерге ақшалай жәрдемақы беріледі

2018 жылы ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі өсіп отыр. Майданда қатысқан 24 ардагер 250 мың теңге көлемінде жәрдемақы алды. Сонымен қатар, Ленинград қоршауында болған тұрғындар, концлагерь тұтқындары, майданда қаза тапқан жауынгерлердің жұбайлары да ескерусіз қалмайды. Оларға бір реттік берілетін жәрдемақының жалпы көлемі 93 мың теңгені құрайды.

Көкшетау қаласында тұратын 1 814 тыл еңбеккерінің ішінде марапатталған 97-сінің есепшотына 20 мың теңгеден, ал қалғандарына 10 мың теңгеден аударылды.

9 мамыр — Жеңіс күніне орай ақтөбелік соғыс ардагерлеріне 300 мың теңгеден беріледі, ал елордалық ардагерлер 511 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекке ие болады.

Дереккөзkazinform.kz