Әдеп және мінез-құлық нормалары туралы кітап шықты

Іс-шараға Талдықорған қаласының әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, кадр қызметкерлері, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұ.Қалжанов,бас маман А.М.Мухамедьяров және БАҚ өкілдері қатысты.

«Бұл шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы негізі мінез-құлық қағидаларын, сонымен қатар парасаттылығы мен мәдениетін қалыптастырудағы моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылатындығын мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру болып табылады. Сондықтан біз мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары нұсқаулығы Pocketbook (покетбук — қойын кітапшасы) әзірледік. Бұл өз кезегінде мемлекететтік қызметкерлердің жұмысын жақсартады деген ойдамыз»,- деді аппарат басшысы Абзал Жаншабай.

Алматы облысы
©Өңірлік баспасөз

Жиын соңында қатысушылардың қойған сұрақтарына тұщымды жауаптар беріліп, Pocketbook кітапшалары қатысушыларға таратылды.