Кинотеатр: Ертең қандай фильмдер шығады?

Танки

Шығарған ел: Ресей
Режиссері: Ким Дружинин
Жанры: әскери,шытырман оқиға, тарих
1940 жыл. Кеңес Одағын үлкен соғыс күтіп тұр. Жауға қарсы тұру үшін елге жаңа әскери техника қажет. Михаил Кошкин жаңа инновациялық танктер ойлап шығарып, елін құтқару үшін Харьковтан Мәскеуге аттанады. Михаил Кошкинді алда қандай қиындықтар күтіп тұрғанын кім білсін? Кошкин мен оның жасағы өмірлеріне қауіп төнгеніне қарамастан, барлық қиындықтарға көз жұмып, Т-34 танкінің түптұлғасын ел басшылығына көрсету үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасайды …

Дыши во мгле

Шығарған ел: Франция
Режиссері: Дэниэл Роби
Жанры: фантастика, экшн
Парижге адамды уландыратын тұман түседі. Аз ғана адам аман қалып, таза ауа жұтуға үлкен бір ғимараттың төбесіне шығады. Ішетін не тамақ, не су жоқ. Ешбір тіршілік көзі болмаса да, олар аман қалудың жолын іздейді. Көмекке ешкім келмейтінін біліп, оларға ғимараттан түсіп, улы тұманның арасынан қайта өтуге тура келеді.

Облако на крыше

Шығарған ел: Қазақстан
Режиссері: Али Шер Сулеймен
Жанры: фэнтези
Жігіттің өмірі, отбасы жағдайы мен қызметіне қауіп төніп тұр. Осыған куә болған періште мен шайтан келісімге отырады. Тағдырдың қалауымен өмірін өзгертуге жігітке мүмкіндік беріледі. Бірақ әр қадамыңды ойланып басқан жөн. Жігіт қандай жолды таңдайды?

Я заберу твои деньги

Шығарған ел: США
Режиссері: Лаки МакКи
Жанры: триллер
Бизнесмен Миллер ұрланған ақшаға жаңа өмір бастамақ болады. Қандай да бір жағдаймен ақша орманда жоғалып кетеді де, саяхаттап жүрген үш достың қолына түседі. Ал Миллер бұл ақшаны қайтарып алу үшін бәріне де дайын.

Привидение

Шығарған ел: США
Режиссері: Майкл Сакси
Жанры: фэнтези, драма, мелодрама
Ұялшақ Рианнон есімді қыз арманындағы жігітті кездестіреді. Бірақ, жігіттің адам емес, тәнсіз рух екені анықталады. Рух күнде әртүрлі адамның денесінде болады. Күніге жаңа отбасы, жаңа үй, бөтен адамның өмірін сүру керек. Бұл оқиға немен аяқталады екен?

Не египте мне мозги

Шығарған ел: Казахстан
Режиссері: Джами Бейсенов
Жанры: комедия
Басты рөлде — Жанель есімді каскадер қыз. Қыңыр мінезінің кесірінен оның жұмыста да, жеке өмірінде де үнемі жолы болмайды. Бірақ ол нағыз дос және мықты сарбаз. Жанельге бәрін тастап, түрмеге түсіп қалған әкесін құтқаруға Шри-Ланкаға ұшу керек болады. Шри-Ланкаға аттанбас бұрын, өзі секілді жолы болмағыш Мақсат есімді жігітпен танысады. Мақсаттың ойы қыздың көңілін өзіне аудару.

Смешарики. Дежавю

Шығарған ел: Ресей
Режиссері: Денис Чернов
Жанры: мультфильм, комедия, оқиға
Копатычтың туған күнін керемет өткізу үшін Крош «Дежавю» агенттігінің көмегіне жүгінеді. Агенттіктің қызметкерлері оларға естен кетпес бір уақыттан басқа уақытқа өту саяхатын ұсынады. Смешариктар келісім-шартта жазылған талаптарды орындамай, әрқайсы әр жерге тап болады. Ендігі Кроштың міндеті достарын қай кезеңде қалып қойғанын тауып, олардың басын қосу.