Ақпараттық және спорттық ХАБ таратқан мәліметке сүйенсек, кеше «Томирис» — «Торпедо» және «Айсұлу» — «Горняк» командалары кездесті.
Бірінші жұптан астаналық «Томирис» үздік шығып, күміс жүлдені олжалады. Ал екінші матчта «Айсұлу» қарсыластарын 15:0 есебімен ойсырата ұтып, ел чемпионы атанды.
Айта кетсек, алматылық «Айсұлу» командасының ойыншылары хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының негізін құрайды. Сондай-ақ, Александр Мальцевтің шәкірттері — Қазақстанның 13 дүркін чемпионы.