1. Неліктен Сингапур «fine city» деп аталады?

Сингапур әлемде жан басына шаққандағы ең жоғарғы ЖІӨ-нің біріне ие сонымен қатар тазалық пен қылмыстың өте төмен деңгейімен танымал қала. Кез келген тәртіпті бұзған, табиғатты қоқыспен ластаған адамға жоғарғы мөлшерде айыппұл салынады. Көшедегі қоқысты тастау немесе қоғамдық көлікте ішу немесе тамақтану, қоғамдық орындарда мас болып, тіпті құстарды тамақтандыру — барлығы жүздеген және мыңдаған АҚШ долларына тең сомаға алынады. Осы шаралардың арқасында Сингапур жиі «fine city» деп аталады, бұл «айыппұл» — «жақсы» және «айыппұл» сөздерінің мағынасын білдіреді.

Сингапур
©votpusk.ru

2.Әйел адам қандай күні дәстүрлі түрде ұсыныс жасауға құқылы?

Еуропа халқында 29 ақпан күні ерекше көрініс табатын заң бар. Бұл заң  бойынша әйел адамдар әр төрт жыл сайын 29 ақпан күні еркектерге сезімдерін білдіріп, ұсыныс жасай алады. Бұл әдет-ғұрып көбінесе Англияда және Шотландияда қабылданған ортағасырлық заңмен негізделеді. Кімде-кім заңға қарсы шығатын болса, жоғары мөлшерде айыппұл төлейтін болған. Дегенмен бұл заңның құжаттық дәлелі жоқ.

предложение
©Ivetta.ua

3. Көлік жүргізушілеріне қандай жағдайда дыбыстық сигналдарды басуға рұқсат етілмейді?

Арканзас штатында (АҚШ) 21-00 кейін көлік жүргізушілері суық сусындар мен тағамдар сататын орындардың жанында ешқандай дыбыстық сигналдарды қолданбайды. Мұндай орындардың тізімі тек мейрамханалар мен кафелер ғана емес, сонымен қатар азаматтардың коттедждері кіреді. Тәртіпті бұзған жағдайда заң бойынша айыппұл төлейді.

водитель
©Lalafo.kg

4. Францияда «Red Bull» сусынын ішуге тыйым салынған

Бүгінде бұл заң күшін жойған. Бірақ, Францияда 2008 жылға дейін бұл сусындарды ішуге заң бойынша тыйым салынған.Тиым салынуына сусын құрамында таурина химиялық элементі бар екендігі дәлелденген. Дегенмен компания химиялық элементі жоқ бірнеше өнімін сатқаннан кейін бұл заң өз күшін жойды.

Red Bull
BevNET.com

5. Мас күйінде жол қозғалысы ережелерін қайдан алуға болады?

Әлемнің көптеген елдерінде көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жүргізушілерге үлкен айыппұл салынып, қатты жазаланады. Ал, Уругвай елінде керісінше мас күйінде көлік жүргізіп жол ережесін бұзған жағдайда жеңілдетілген жағдайлар қарастырылған.

©Aktobenews.kz

6. Қандай елде иттерге түнде үруге тыйым салынған?

Мәскеуде 1994 жылдан бастап қалалық үкіметтің қаулысы бойынша иттерге 11:00-7:00-ге дейін үруге тыйым салынады. Ережені бұзып, тыныштықты сақтамаған уақытта үй иелері айыппұл жаза алады. Мұндай тыйым Херсон қалалық кеңесімен 2011 жылы өтті. Бірақ 22:00-ден 8:00-ге дейін тек иттерге ғана емес, сонымен қатар мысық, ешкі, сиыр, шошқа дыбыстарына да тыйым салынады.

Ит
©Econet

7. Қай елде өте арық қыздарға модель болуға болмайды?

Израиль мемлекеті өте арық қыздарға модель болып жұмыс істеуге тыйым салған алғашқы ел болды. Заңның мақсаты жас қыздардың дене пішіндеріне қатысты қате түсінік қалыптастырудан және дұрыс тамақьтанбаудан анорексия ауруына ұшыраудан қорғау. Жарлыққа сәйкес, подиумға дене масса индексі 18,5-ден кем модельдерге (индексі килограммдардың массасы ретінде метрмен квадраттық биіктікке бөлінген деп есептеледі) рұқсат етілмейді.

Модель
©7sisters.ru

8. Әлемдік тарихта жануарлардың құқықтарын қорғау туралы алғашқы заң қай елде қабылданды?

ХІХ ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Жапония  Токугава Цунаёси басқарған уақытта, тарихта ол «Ит сегун» деген лақап атпен қалды. Ол жануарлар құқығын қорғау туралы жарлық шығарды. Бұл жарлық бойынша ит, мысық, жылқылардың құқығы толығымен қорғалған және олардың қайтыс болуына жол бермейді. Заңның негізінде халық иттерге мейіріммен қаралуы ескеріледі. Бұл талапқа бағынбағандар дене жазасына ұшырады. Эдо астанасында қарапайым шаруаларға , рациондарға қарағанда иттерге арналған бірнеше баспаналар салынған. Бұл шаралар қаржы дағдарасымен қатар халық арасында наразылықтың артуына алып келді. Бірақ Цунаёси қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері бұл заңды түбегейлі өзгертті.

Ит2
©sobaki-pesiki.ru

9. Басқа мемлекеттің туын өртеуге тыйым салынған ел

Әлемнің көптеген елдерінде заң бойынша  ұлттық рәміздерді қорлауға болмайды. Бір қызығы Дания мемлекетінде рәміздерге байланысты ерекше заң бар. Аталған елде өз туын қоспағанда, басқа мемлекеттердің туын өртеуге тыйым салынған.

ту

10. Сағыз шайнауға рұқсат жоқ

Сағыз шайнауға және оны сатуға рұқсат етілмеген алғашқы мемлекеттердің бірі Сингапур болып табылады. Бұлай тыйым салынуына 1992 жылы сағыздың кесірінен жүздеген адамның өлімі себеп болды. Сол кезде пойызда жол жүріап бара жатқан бір кісі вагон есігіне сағыз жабыстырып қойған. Дұрыс жабылмаған вагон есігі ашылып кетіп, есікке сүйеніп тұрған жолаушы қаза тапқан. Сағызды тек дәрігерлердің рұқсатымен денсаулығына байланысты аурулар ғана шайнауы мүмкін.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!