1. Пікірлерді ескерген дұрыс

Дүкендер мен интернет-сайттарды теледидар арқылы жарнамалау сатушылар үшін тиімді. Жарнамаланған тауар өте сапалы болғанымен, теледидардан көрсетілгендей «мінсіз» болмайды. Сол үшін алатын техникаңыз туралы біліп алған дұрыс.

Таңдау кезінде пікірлермен де танысқан жөн. Олар сізге тауардың жақсы-жаман жақтары, тиімді-тиімсіз тұсы туралы ақпарат білуге көмектеседі.

Мысалы, теледидар таңдасаңыз, қаншалықты сапалы көрсететінін, қабырғаға бекітуге арналған қосылғыштардың болуын қарап алған жөн. Сатып алғаннан соң өкінбес үшін көзге көрінетін барлық тетіктерін дұрыстап қарау керек.

2. «Жаңа үлгі» туралы ойламаңыз

Жаңа смартфон, ноутбук немесе басқа құрылғы сатып алған кезде модельдері мен бағаларын салыстырып қарау арқылы дұрыс таңдау жасауға болады. Алайда, кез келген гаджет ескіреді. Оны бәрібір жаңа үлгісімен ауыстыру қажет. Сол үшін сапалы әрі ыңғайлысын қарау маңызды. Енді шыққан деп «жаңа үлгіні» таңдаудың қажеті жоқ.

Ақшаңызды құр босқа шашпауды ойласаңыз, пікірлерге қарап таңдау жасауға болады. Жаңа үлгінің соңынан қуып жете алмасыңыз анық.

3. Басқа техникамен үйлесімділікті тексермеңіз

Компьютерлік техникалар, смартфондар, смарт-сағаттар мен т.б. қосымша аксессуарларды сатып алғанда әртүрлі экожүйелер бар екенін ұмытпаңыз. Олардың әрқайсысында құрылғылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік бермейтін белгілі бір шектеулер болуы мүмкін.

Мысалы, Apple Watch смарт-сағаттары Android-пен қалай жұмыс істеу керегін білмейді. Бірақ,  Android Wear қосалқы құрылғысы арқылы iPhone-ға қосыла алады. Сондай-ақ, көптеген функциялар  macOS-тан Windows-қа көшу кезінде қолжетімді болмауы мүмкін.

4. Ақшаны маңызды нәрселерден ғана үнемдеңіз

Ақшаны үнемдеп, қолжетімді тауарды ғана алу кейде жақсы нәтиже әкелмейді. Біраз уақыттан соң тауарға қосымша ақша төлеп, басқасын сатып алуыңыз керек болады. Әсіресе, ноутбук, смартфон, гаджеттерге қатысты мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Аталған тауарларды таңдарда телефон жадына қарай таңдау тиімді.

Егер модельдердегі бағаның арасында алшақтық болмаса, қосымша ақша төлеп кез келген жағдайда бұзылмауын бірден қадағалап алу керек.

Мысалы, теледидар құрылғысын алайық. Барлығы А-бренді моделінде шығады. Айырмашылығы — екі-үш есе диагоналінің үлкейгенінде. Демек, бағаларының арасындағы алшақтық та қымбат емес. Сол үшін тек ыңғайлысын таңдаған дүрыс.

5. Бағаларды салыстырмаңыз

Интернет-дүкен сайттарында барлық техника қолжетімді. Қалаған өніміңіз жоқ болса, 2-3 күнде тапсырыс беріп алуға болады. Интернет-дүкендегі баға сауда орындарындағы бағадан әлдеқайда төмен болады. Осыны ескеру керек.

Көпшілігі сауда орындарына барған кезде көз алдындағы қымбат тауарға алданып қалады. Ал интернет-дүкендерде өз таңдауыңызды жасап, сапасын қадағалауға, асықпай сатып алуға мүмкіндік мол.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!