Астана мерейтойын өткізуге 18,8 млрд теңге бөлінді

Жиын барысында Астананың 20 жылдық мерейтойына қанша ақша жұмсау жоспарланып отырғаны айтылды.

«Бізде жалпы Астананың мерейтойы аясында 85 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оған 18 миллард 800 миллион теңге бөлінді. Қаржы министрі бізге толықтай қолдау көрсетті. Осы іс-шараларды лайықты өткіземіз деп сенеміз», — деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков депутаттарға.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз кезегінде бұл қаражатты басқа cалаға жұмсау керегін айтты.

«Тапсырма бар. Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысты іс-шаралар жыл бойы өткізіліп, бүкіл өңірде атап өтіледі. Түрлі кештер өткізіледі. Іс-шаралар бір жыл бойы өтеді», — деп жауап берді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

ДереккөзTengrinews.kz