Мұстафа Шоқай туралы жаңа фильм шықты

Фильм барысында Мұстафа Шоқайдың өмір жолы толықтай баяндалып, қызмет жолындағы қиындықтары көрсетіледі.

«Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», — дейді фильм режиссері Доқтырхан Тұрлыбек.

Доқтырхан дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері. Оның айтуынша, кинолентаны әзірлеуге 20 жыл кеткен. Алдағы уақытта фильмді орыс, ағылшын және түркі тілдеріне аудару жоспарланған.

ДереккөзInform.kz