«Қойылымдағы басты кейіпкер -Сәния мен Сәлімбай. Сәлімбайдың өзі сенген әлемі, діні болды. Ол Сәнияның ата-анасымен келіспей, ақ батасын алмай шетел асып кетті. Кейін өзі сүйіп қосылған Сәнияға талақ айтып, бауырларына «сыйлады». Сөйтіп өз жары бейтаныс біреуге үшінші әйел болып кетті. Бәрі білімнің таяздығынан, бейтаныс адамдардың айтқанына сеніп, адасудан болады. Осы туындыны көріп отырған жазасын өтеушілер өмірлік сабақ алды деп есептейміз. Адам болашағы, баласы үшін тура жолды таңдауы керек. Кез келген адамға сену қателікке ұрындырады. Біреудің жетегіне еріп, ойланбай әрекетке барған адамдар дұрыс жолды таңдап, дер кезінде қателігін біледі деп ойлаймыз»,- деді КА-168/5 мекемесінің бөлім бастығы Қанат Меңдібаев.
Тахауи Ахтанов атындағы драма театр әртістері өткен жылы дін жолында адасып жүргендерге ой салатын «Есігімді қаққан кім?» қойылымын сахналаған болатын. Діни тақырыптағы бұл спектакль де түзету мекемелерінде көрсетілген еді.
«Дін жолында адасқандардың өмірін жан-жақты суреттеген бұл спектакль барлық түрмеде қойылады. Негізі түзету мекемелерінде тәрбиелік мәні бар қойылымдар көрсетіледі»,- дейді драма театр директорының орынбасары Жандос Еспанбетов.