Бүкіләлемдік денсаулық күні
Жыл сайын 7 сәуір күні Бүкіләлемдік денсаулық күні атап өтіледі. Себебі, 1948 жылы дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Жарғысы күшіне енді.
Сол тарихи уақыттан бері әлемнің 194 елі ДДҰ-ның мүшесі болды. Денсаулық күнін атап өтудің жыл сайынғы дәстүрі 1950 жылдан бастап енгізілді. Денсаулық сақтау ұйымдары бұл күнді саладағы әртүрлі тақырыптарға арнап өткізеді.
«Жазу тілі» кітабы
Осыдан 8 жыл бұрын 2000 жылдың 7 сәуірінде ақын Олжас Сүлейменовтің «Жазу тілі» кітабы жарық көрді. Бұл еңбек зерттеушінің «1001 сөз» этимологиялық сөздігіне дайындық ретінде жазылды. Автор осы еңбекті жазарда алдына филология ғылымын жаңа сатыға көтеріп, олқылықтардың орнын толтыруды мақсат етіп қойған. Олжас Сүлейменов белгілердің пайда болу тарихына, жазудың түрлі дәстүрлеріндегі дамуына үңіледі.
- 2016 жылы дәл осы күні Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылау порталы өз жұмысын бастады.
- 1795 жылы 7 сәуірде Францияда метрикалық жүйені енгізген заң қабылданды және 1 метрдің ұзындығы, 1 келінің салмағы айқындалды.