Чехияда ел намысын қорғайтын атлеттер кімдер?

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты жарысқа Қазақстан спортшылары әртүрлі жас категориясында өнер көрсететіні туралы хабарлады.

Атап айтар болсақ, Виталий Терехин — ерлер арасындағы 20 шақырымдық қашықтықта жарысады. Валентина Залевская мен Екатерина Шлыкова жасөспірімдер арасындағы 10 шақырымдық бәсекеге қатысады. Сондай-ақ 2001 жылдан бері қарай туған балалар арасында Кристина Морозоваға сенім артылып отыр (5 шақырым). Морозова Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қалған үшеуі Алматы қаласынан.

Былтыр Подобредыға Терехин мен Залевская барған болатын. Ол кезде Терехин 49 спортшының арасынан 16 орын алған. Оның үстіне 20 шақырымды 1 сағат 28 минут 6 секундта жүріп өтіп, спорт шебері нормативін орындаған еді. Айта кетейік, былтыр Чехияда ерлер арасында Виталий Терехиннен бөлек, Заманбек Бабабек өнер көрсеткен.

Дереккөзinform.kz