Алматы мен 11 облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды

7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді.

7-8 сәуірде Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында оң мәнді ауа температурасының сақталуы болжамына және жауын-шашынға байланысты қардың қарқынды еруі, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді.

7-8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашын болжамына байланысты, жергілікті, бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу күтіледі.

7-8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы күтіледі.