Жүктілік бойынша есепке қайда тұруға болады?

Жүктілік бойынша есепке үйіңіздің жанындағы мемлекеттік емханаға тұруға болады. Әйел адам есепке нақты мекенжайы бойынша тұрады. Жүкті әйелді оның ауданынына жетекшілік ететін акушер-гинеколог бақылайды. Бірақ, қандай да бір себептермен жүкті әйел өзге маманда қаралғысы келсе, оның бұған толық құқысы бар. Есепке жеке медициналық орталықтарда да тұруға болады. Орталықты таңдағаннан кейін, әйел емдеуші дәрігерді таңдайды және келісімшарт жасасады.

Қай мерзімге дейін тұру керек?

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 90 бабы бойынша, жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде медициналық есепке тұрулары міндетті. Мамандардың пікірі бойынша акушер-гинекологқа келу үшін ең тиімді мерзім 9 бен 12 апта аралығы. Кеңеске ерте кезде келу жүктіліктің қиындықтарын анықтауға және босанудың нақты уақытын анықтауға дейінгі жүктіліктің өту жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Есепке тұру үшін келесі құжаттар қажет:

  • Жеке куәлік (түпнұсқа және 2 көшірме)
  • Егер әйел өзінің немесе күйеуінің тіркелген мекенжайы бойынша әйел кеңесіне жүгінген болса мекенжай анықтамасы (түпнұсқа және көшірме). Онда әйелді емханада  тұрақты түрде рәсімдейтін болады.

Егер болашақ ана әйел кеңесіне нақты тұратын мекенжайы бойынша жүгінген болса, онда оны есепке жүктіліктің жүру кезеңіне уақытша қояды. Бұл жағдайда үй кітабының орнына отбасы пәтер жалдап тұратын болса жалдау шартын ұсынуға болады. Егер ол да болмаған жағдайда да әйелді есепке бәрбір алады, алайда тұру фактісі учаскелік дәрігермен немесе медбикемен тексерілетін болады.

  • Флюрография сүреті (егер әйелдің флюорография өткендігі тұралы құжаты болмаса, күйеуінің флюорографиясы қажет).
  • Микрореакцияға талдау.
  • Күйеуінің жеке куәлігі (1 көшірме).
  • Неке қию туралы куәлік (1 көшірме).

Соңғы екі құжат кейінірек – перзентханадан жылдам шығару үшін қажет болады. Егер босану жақсы өткен болса, нәресте мен ана өздерін жақсы сезінсе, онда оларды 3-4-күні шығарады. Перзентхана шығаруға рұқсатты тек баланың құжаттарын рәсімдегеннен кейін ғана беруге міндетті. Егер әйел баланы күйеусіз туған болса, онда соңғы екі құжат қажет емес, себебі бала анасының атына рәсімделетін болады.

Барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан және тіркеу бөлімінде берілетін кейбір анкеталарды толтырғаннан кейін, сізге негізгі 3 құжат рәсімделетін болады:

  1. Амбулаториялық ауру картасы (025/у түрінде).
  2. Өзімен әрқашан бірге жүруі тиіс айырбас картасы (113/у түрінде).
  3. Жүкті әйелдің жеке картасы (111/у түрінде).

Егер әйел жүктілігі кезінде тұрғылықты жерін ауыстырған болса, ол үйіне жақын орналасқан  өзге әйел кеңесіне ауыса алады. Құжаттар бір әйел кеңесінен екіншісіне жай ғана тапсырылады.

Дәрігерге қаралу

Дәрігерге алғаш қаралғанда, жалпы қарау жүргізіледі: дәрігер қорытындыларды жинайды, басынан өткен аурулары, созылмалы аурулары, оталар, аллергияның барлығы туралы және алдыңғы жүктілігінің ағымы туралы сұрастырады. Одан кейін әйелдің салмағы және оның бойы өлшенеді.

Бой-салмақ көрсеткішін есептеу үшін және барлық тоғыз ай аралығында қосуға болатын тиімді салмақты анықтау үшін қажет.

Артынша дәрігер гинекологиялық қарау жүргізеді, жатыр мөлшерін және жүктілік мерзімін, қатар жүретін гинекологиялық  ауруларды анықтайды және қынап микрофлорасына жұғынды алады.

Алынған мәліметтер негізінде жүкті әйел қатердің (патологияның бар болған жағдайында) осы немесе өзге тобына жатқызылады және жүктіліктің жүргізілу жоспары құрастырылады. Карточканы толтырғаннан кейін сізге нақты мамандардың кеңесіне және талдауларды (қанның жалпы талдауы, зәрдің жалпы талдауы, қан құрамындағы қант деңгейі, АИВ және  RW талдау, сифилиске қан және қан тобы) тапсыру үшін  бағыттама береді және келесі келу күнін хабарлайды.

(материал egov.kz негізінде даярланды)

3 пікір

  1. 20 апта есепке тұрмадым енді тұрсам есепке алама

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!