Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды

Фото: Glavk.info
ҚР ішкі істер министрлігі мен Грузияның ішкі істер министрлігі арасындағы келіссөздер нәтижесінде Тбилиси қаласында халықаралық іздеуде жүрген есірткі қылмысына күдікті ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, күдіктілер синтетикалық есірткі – мефедрон өндірумен айналысқан.

Тергеу деректері бойынша, Қазақстан азаматы 2023 жылғы қазан айынан 2024 жылғы ақпан айына дейін сыбайластарымен бірге Алматы облысы аумағында арнайы жабдықталған зертханада синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырып, химик рөлін атқарған.

Сонымен қатар Тбилисиде халықаралық іздеуде жүрген оның жұбайы да қолға түскен. Тергеу барысында әйелдің Алматы облысы мен Қарағанды облысы аумақтарындағы синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты қаржылық операцияларды жүргізгені анықталған.

ІІМ мәліметінше, 2026 жылғы наурыз айынан бері Грузия аумағында Қазақстан құқық қорғау органдары іздеген 15 адам ұсталған.