Негізгі жұмыстар Мақатаев көшесінде басталды. Қала тұрғындары Instagram парақшасында Мақатаев көшесіндегі жөндеу жұмыстарының видеосын жариялап жатыр.
Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлағандай, былтыр Шевченко, Қонаев пен Өтепов көшелеріндегі және 23 қиылыстағы жалпы ұзындығы 16,7 шақырым болатын трамвай рельсі алынған болатын.
Бұл жұмыстарға 123 млн теңге жұмсалды.
Ал Жароков, Байтұрсынов, Мақатаев көшелеріндегі рельстер 2018 жылға қалдырылған еді. Жалпы алғанда биыл қалада тағы 21,2 шақырым рельс алынады.