Тарих институтының деректеріне сүйенсек, 1916 жылға қарай мөлшері қазақтан 45 млн. дес. жер түрлі жолмен алынып, Ресей жұртшылығына беріліпті. Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталысымен бұрыннан күшейіп келе жатқан салық езгісі ауырлай түсті. Салық ауырпалығы орыстарға да қиын тиді. Өйткені, Ресейдің соғыстағы әскери жетістіктері тым шамалы болды. Кейін Ресей біраз жерін германдықтарға беріп алған еді. Орыс жұртшылығы мобилизация бойынша майданда жүргенде олардың отбасылары тарығып жүрді. Қымбатшылықтың да осы тұста күшейгені белгілі.
Орыс пен қазақтың наразылығы бірігіп кетпес үшін сол заманда белгілі саяси технологиялар пайдаланылған екен: ол — қазақ пен орысты бір-біріне айдап салу, орысты қазақ есебінен малдандыру, материалдық мүдде арқылы тонауға итермелеу. Есесіне қазақ пен орыстың арасындағы өшпенділік асқына түсті. Патша үкіметі орыс тұрғындарын қорғаған болып, оларды қарумен – винтовкалармен қамтамасыз етіп отырды. Мұрағат деректерін келтірейік: Крестьяне села Теплоключнинского пропустили через селение татар, а сартов и таранчинцев и дунган всех перебили, всего свыше 500 человек… у убитых только ташкентских торговцев было свыше миллиона рублей наличных денег, не считая имущества[2].
Көтеріліс басталысымен қазақтардың жағдайы тым қорғансыз болды. Көтерілісті басуға жіберілген карательдік жасақтар туралы төмендегі деректер куә: …беспорядки в Джизаке , туда подходит карательный отряд , с сотоящий из трех видов оружия. Пехота, артиллерия и вавалерияи начальник отряда отдает приказ сжигать все поселения, уничтожать все туземное население без различия пола и возраста.
IV Мемлекеттік думаның депутаты А.Ф. Керенский — трудовиктер партиясының талабымен бұл масқара заңсыздықтар мен қатыгездікті тоқтату және қылмысты әшкерелеу мақсатымен Мемлекттік думада бұл мәселені көтерген болатын. Сонда Керенский былай деген: «…а селении Луговом, где отряд солдат вместе с русскими поселенцами, оцепив громадную толпу киргиз [қырғыздар емес – қазақтар-Ә.Ғ.] и стал гнать их безоружных выстрелами и нагайками к утесу, внизу которого была река и сбросила этих людей …развалины туземного города Джизака, который насчитывал около 20 тысяч населения, сами говорят за себя. Город сравнен с землею»[3].
Жетісу облысының Верный уезінде қазақ бұқарасы қазақ баласын соғысқа тыл жұмысына шақыруына наразылық білдіріп түрлі әрекет жасады, солардың көшіп кету болды. Наразылардың бір бөлігі 1916 жылдың 18 тамызында Балқаш өңіріне жинала бастады[4].
С.Брайнин и Ш.Шафиро деректерінде 1916 жылдың 9 қыркүйегінде Лепсі уезінің Мақаншы –Садыр және Мәмбетбай – Қысқаш болыстықтарында қазақ көтерілісшілері шабуылдарын бастаған көрінеді. 10 қыркүйекте көтерілісшілердің үлкен бөлігі Саратов елді мекенінің жанында штаб ротмистр Масловтың жазалаушы жасағына шабуыл жасады. Лепсі уезінің басшысының айтуынша, көтеріліске қатысушылардың көп бөлігі орыс қожайындарының жалшы жұмысшылары. Бұл оқиғаға қатысы болған Мұхамеджан Тынышбаевтың жазуынша, сол шайқаста қазақ тарпынан 90 адам өлтірілген, 40 адам тұтқындалып, абақтыға жетпей өлтірілен. Абақтыда бұрынғы болыс Селеу Саурықов қайтыс болған[5].
1918 жылдың маусым айында қызылдар мен ақтардың арасы аса шиеленісті. Мұхамеджан Тынышбаев адмирал А.В.Колчактың атына жазған хатында былай дейді: «Это обстоятельство разозлило красных и они принялись за массовые убийства безоружных киргиз [қазақтар -Ә.Ғ.], за систематическое уничтожение киргизского хозяйства [қазақ шаруашылығы -Ә.Ғ.]. Так в пяти Садыровских волостях Лепсинского уезда убито свыше 5000 киргиз [қазақтар -Ә.Ғ.], исключительно взрослых работников. Одновременно с этими событиями разразился джут.
1918 жылдың басында «Алаш» өзінің әскерін жинай бастады. Халықтан жігіт пен мініс ат сұрады. Менің атамның айтуынша, олардың мал саны ортайып қалған кез болыпты. Соған қарамастан «Алашқа» әскер қоспаса да, бір-екі бас жылқы беріпті. «Біраз қазақ «Алашқа» жылқы да , әскерге жігіт те бермепті. Сәл кейін олардың малын ақ атаман Анненков түгел тартып алыпты» деп атам қынжыла күлетін. 1918 жылдың жазында Лепсі уезінің қазақтарынан 10 000 тәркіленіпті [6].
ХХ-ғасырда екі расаралық соғыс өтті. Ол Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар еді. Тарихқа белгілі ағылшын – бур соғысы заманымыздың ең қатыгез расаралық соғыс болды. Себебі сол соғыста жарылатын оқтар (дум-дум) пайдаланған болатын. Алғашқы расаралық – этникалық аршу (этническая чистка)соғыстардың бірі 1916 жылғы қазақ көтерілісшілеріне – «тактика выжженой» земли пайдаланды. Бейбіт жұртшылықты қыру тактикасын көп пайдаланған генерал Куропаткин болды. Бұл генерал Орыс-Жапон соғысында басшы болып орыс әскерін басқарған. Барлық шайқастарада (Ляоян, Шахэ, Сандепу және Мукден) өз еліне жеңіліс әкелген. Есесіне нашар қаруланған қазақтарды қырғынға ұшыратқан. Қолбасшылықтан басқа Куропаткин өзін орыс идеологы ретінде көрсеткен. А.Н.Куропаткин. «Россия для русских. Задачи русской армии», «Желтая опасность» атты шығармаларында, «Главным образом усилиями славянских племен движение из Азии на Европу азиатских народностей — монголов, татар и турок — не только остановлено, но с наступлением славян, северная часть Азии переходит в руки русского племени. …В общем, это будет союз народов белой расы против народов желтой расы и чернокожих. Деление на эти две группы будет близко отвечать и делению на две группы по религиозным верованиям» дейді.
Сонымен расист Куропаткин өзінің геноцид ойын қазақтарды қырып жүзеге асырған еді. Биыл 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдық азалық «юбилейі» болмақ. Қырғыз ағайындар намысшылдығын тағы да көрсетіп отыр. Қырғыз халқының Ұлы Үркүні – трагедиялық оқиғаның – 100 жылдық азаны еске алуы болмақ. Қырғыз халқы қазаққа үлгі көрсетіп тұр. Мен қазақ перзенті ретінде андалар көтерілісінде шаһид болған бабаларымның құнын талап етем. Алдымен, 1916 жылғы көтеріліске 100 жылдық толған тұста бұл оқиғаны қазақ геноцидінің басы деп мойындаймын. Геноцидтің бел ортасы ол 1930-1932; қолдан ұйымдастырылған ашаршылықпен коммунистер 2 миллион қазақты қырды. Екінші дүниежүзілік соғыс бітісімен ядролық қару пәрмені мен әсерін қазаққа сынады. Бұл геноцидтің жалғасы емей немене? Қазақты қалаға кіргізбеді. Өз басым қалалық прописканы егемендік алғаннан кейін ғана алдым. Қорыта айтсақ: геноцидтің болғанын Ресейге мойындату, армяндар, еврейлер сияқты арнайы заң қабылдау, геноцид – азалық естелік мемориалын салдыру керек. Ал бүгін билік пен халықты қазақ қасіретіне қазақтың да, қазақ еместің де, басқа мемлекеттердің де назарын аудартуды, сол бір азалы күндерді «қазақ кешкен геноцид» деп күн тәртібіне еңгізуді талап етемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане. http://e-history.kz/ru/contents/view/287Институт истории и этнологии им.Ч.Ч. Валиханова КН МОН РК, 2013
2. Из протокола допроса судебным следователем ротмистра Железнякова о причинах и ходе восстания. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов. Том 1. Алматы. Казахстан. 1990,с.143
3. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и атериалов.Том1. Алматы. Казахстан. 1990, с.180-181,198-199 Ескерту: Луговое-Қазақстанның елді мекені, Джизак-Өзбекстанның облыс орталығы
4. Брайнин С., Шафиро Ш. Восстание казахов Семиречья в 1916 году.Казахское краевое издательство.Алма-Ата.1936.Москва.с.63
5. В кн.: Грозный 1916-й год. Сб. документов и материалов.Том1. Алматы. Казахстан. 1990,c.287-289
6. Қараңыз: Тынышбаев М.Таңдамалы.Избранное.Алматы. «Арыс».2001, с.61
7. А.Н.Куропаткин. «Россия для русских. Задачи русской армии», СПб., 1910, т. 1- 3. «Желтая опасность»
Әзімбай Ғали