«Көктемгі егістік жұмыстарына байланысты Үкімет тарапынан іс-шаралардың барлығының шешімі табылып, қабылданды. Қаржы бөлу, жанар-жағармай, тыңайтқыш мәселесі шешілді. Енді бақылауға алып, жұмысты уақытында бастап кету, Өмірзақ Естайұлы (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Ауыл шаруашылығы министрі- авт.) сіздің бақылауыңызда», — деді Үкімет басшысы.
Айта кетерлігі, Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев көктемгі егістік жұмыстары жайында баяндама жасады.
Оның айтуынша, 2018 жылы егіс алқаптары 21,8 млн гектарды құрамақ. Бұл іс жүзінде өткен жылғы деңгейде. Дәнді дақылдарды 14,7 млн гектар алқапқа себу жоспарлануда, оның ішінде бидай — 11,4 млн гектар. Сонымен қатар, ол ағымдағы жылы диқандардың көктемгі дала жұмыстарына арналған дизель отынына деген қажеттілігі 370 мың тоннаны құрайтындығын айтты.