Батыс Қазақстанның 100-ден аса елді мекені интернетке қосылады

Интернетке облыстың 330 мектебі толық қосылса, қалған 30 мектепте интернет жылдамдығы төмен. 2018-2020 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, 100-ден аса елді мекенді Интернет желісіне қосу жоспары бекітілген. Қазіргі таңда облыстың интернетпен қамтылу көрсеткіші 65%-ды құрайды.

Назарбаев зияткерлік мектептерімен меморандум негізінде мұғалімдердің, мектеп директорларының біліктілігі арттырылуда. Жаңартылған бағдарлама бойынша балалар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілген. Облыстың 250 мектебі заманауи робототехника кабинеттерімен жасақталды. Болашақта өңірде IT-мектебі ашылады.

Қазір облысымыздың 300-ге жуық елді мекенінде интернет бар.