Instagram Stories-ті қалай жасырын көруге болады?

Instagram желісін қолданушы орта есеппен күніне 15 рет жаңалықтар таспасын жаңартады. Осыдан-ақ инстаәлемнің қаншалықты танымал екенін аңғаруға болады.

Күнделікті өміріңіздегі оқиғалармен бөлісетін Instagram Stories функциясының ерекшеліктері желі қолданушылары үшін жақсы таныс. Бұл функцияда фото мен видеоларды түрлі иллюстрация, мәтін, хэштег, эмодзи және стикерлермен әрлеуге болады. Сондай-ақ, басқа достарыңыздың «сторисынан» хабардар болу мүмкіндігін аласыз. Алайда, кейбір адамдарды байқатпай бақылағың келеді. Осы тұста басты кемшілік- егер сіз біреудің «сторисін» көрсеңіз, қолданушы бұл оқиғадан бірден хабардар болады. Бірақ, мұның да шешімі бар. Біреудің «сторисын» Chrome IG Story арқылы байқатпай көруге болады. Әзірге бұл әдіс Instagram-ның тек веб-версиясында қолжетімді. Сонымен, Instagram Stories-ті жасырын көрудің алгоритмі төмендегідей.

Инстаграм инфографика
©Baribar.kz

Chrome IG Story -ды сілтеме арқылы жүктеп алуыңызға болады.

Сондай-ақ, енді іnstagram.com сайтының мобильді нұсқасында жаңа мүмкіндіктер пайда болғанын естеріңізге сала кетейік. Instagram сервисі қолданушыларға суреттерді сайттың мобиль нұсқасы арқылы жариялауға мүмкіндік берді. Ал бұған дейін тек мобильді қосымша арқылы ғана сурет жариялау мүмкін болған.

Енді instagram.com сайтының мобиль нұсқасында суретке түсіріп, суреттің өзін немесе бірнеше суретті жариялауға болады. Алайда қолданушыға фильтрлер және кеңейтілген өңдеу функциялары әлі де мүмкін болмай отыр – әзірше тек суретті айналдыру және оның форматын таңдау мүмкіндігі бар. Видеоны да тек қосымша арқылы жүктей аласыз.

Instagram сыртқы түрі өзгеріссіз қалды: лентаны парақтауға болады, ескертпелерді және қолданушылардың профилін көруге болады. Сайтта “Оқиға тізбегі” және жеке хабарламалар бөлімі жоқ.

Компания жаңарған веб-нұсқаны 2017 жылдың наурызынан бері сынап келеді екен.  Instagram өкілдері басылымға берген сұхбатында сайттың жаңа нұсқасы қолданушылардың барлық құрылғыдан сурет көруі үшін жасалғанын айтып берді. Сонымен қатар, интернет жылдамдығы баяу елдерде дүкеннен қосымшаны жүктей алмайтындар үшін де қолайлы екені айтылады.

Жуық арада танымал Instagram әлеуметтік желісінің пайдаланушылары қосымша арқылы видеоқоңыраулар соғу мүмкіндігіне де ие болады. Әзірленіп жатқан жаңа функция іOS және Android пайдаланушыларына бірнеше айдан кейін қолжетімді болады. Бірақ Instagram өкілдері бұл ақпаратқа пікір білдіруден бас тартып отыр.

Видеоқоңырау функциясы әзірше Instagram-ның бас компаниясы Facebook-тің басқа сервистерінде — Facebook Messenger және WhatsApp қосымшаларында бар.