Тіс дәрігері - стоматолог
©Көрнекі фото

«Астана қаласында амбулаторлық көмек көрсететін емханалар саны 16-ға жетті және олар мемлекеттік ұйымдар. Бұдан бөлек, жекеменшіктегі осындай емханалар 15-ке жуық әрі олар шағын көлемде. 2025 жылға дейін мемлекеттің қарамағындағы емханалардың санын екі есеге арттыруға мүдделіміз. Өйткені жыл сайын халық санының өсуіне байланысты аталған нысандарға сұраныс өте жоғары болып отыр. Бұл шаралар алдағы 7-8 жылдың ішінде жүзеге асырылады», – деді Мұратов.

Осы орайда амбулаторлық-емханалық 4 нысан мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 7 нысаны салынбақ.

«Амбулаторлық-емханалық нысандар санатындағы денсаулық сақтау ғимараттары құрылысы бойынша инвестициялардың алдын ала сомасы 23 млрд теңгеге бағаланып отыр», – деді ол.

Тимур Мұратовтың айтуынша, бүгінде емханалардың тозуының орташа деңгейі 50 пайызды құрап отыр, ал медициналық техникамен жасақталу 73 пайыз шамасында.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!