Соңғы бес жылда "Оскар" сыйлығын алған үздік қысқаметрлі фильмдер.

«Мылқау бала» – “Оскар – 2018

Режиссері: Крис Овертон

Ұзақтығы: 20 минут

Картина 4 жасар Либби туралы. Оның тумысынан құлағы естімейді. Қыздың тыныштық әлемінен шығып, басқа да адамдармен тіл табысуы мүмкін еместей көрінетін, алайда оған көмектескісі келетіндер бар…

“Ән сал” – “Оскар – 2017”

Режиссері: Кристоф Дек

Ұзақтығы: 25 минут

Зофи жаңа мектепке ауысқан. Оған бұл ортаға үйрену өте қиын. Оның үстіне хордан сабақ беретін оқытушы қыздың талантына қарамастан, шығарып жібереді. Бұл Зофиды өте қатты күйзелтеді. Енді ол құрбысымен бірге қайтсе де хорға тап болуды көздейді…

“Кекеш” – “Оскар – 2016”

Режиссері: Бенджамин Клири

Ұзақтығы: 12 минут

Типограф жігіт кекештеніп сөйлейді. Ол сүйген адамына сезімін білдіріп, көзіне түсу үшін өзінің осы “кемшілігін” жеңуге бел буады…

“Қоңырау”  – “Оскар – 2015”

Режиссері: Мат Кирби

Ұзақтығы: 21 минут

Хезер психологиялық көмек қызметінде оператор болып жұмыс істейді. Бір күні оған қоңырау шалынады, бірақ ол әдеттегіден өзгерек еді…

“Гелий” – “Оскар – 2014”

Режиссері: Андерс Уолтер Хансен

Ұзақтығы: 21 минут

Картина жазылмайтын аурумен ауруханада жатқан Альфред есімді бала туралы. Күндердің бір күнінде ол өзіне жаңа дос табады. Досы оған сиқырлы Гелий әлемі туралы айтып береді…