Анемияны қалай анықтауға болады?

Негізгі белгілерін білесіз бе?

Темір тапшылығынан болған анемия кезінде мына белгілер пайда болады:

  • қағазды, мұзды немесе топырақты жегісі келу (тәбеттің өзгерісі аталатын жағдай).
  • тырнақтың жоғары қарай қисаюы — коилонихиаз.
  • ауыз сілемей қабатының ауырсынатын сезімталдығы, ауыз шетінде сызат пайда болуымен.

B-12 дәруменінің тапшылығынан туындайтын анемия:

  • алақан мен табандағы «шымшу», «ине» қадалу сезімі;
  • дәм сезімін жоғалту;
  • жүрістің бұзылуы;
  • қол-аяқ қозғалысының икемсіздігі.
  • естің қалыпты болмауы;
  • елестеу, сандырақ және естен ауысу.

Қорғасынмен созылмалы уланудан туындайтын анемия:

  • қызыл иекте болатын қошқыл көк жолақ;
  • іштің ауырсынуы;
  • іш қатуы;
  • құсу
©Zdrav.kz

Қанның қызыл жасушаларынының созылмалы бұзылуынан туындайтын анемия:

  • сары ауру (тері мен көздің сарғаюы) ;
  • несептің қоңыр немесе қызыл болуы;
  • аяқтағы жаралар;
  • сәби шақта әлсіз даму;
  • өт – тас ауруының симптомдары

Орақ тәрізді жасушалы анемия:

  • шаршау ;
  • жұқпаға аса бейімділік;
  • қалалық шақтағы өсудің және дамудың баяулығы;
  • күшті ауырсынулар, әсіресе, буында, іште, қол-аяқта.

Қанның қызыл жасушаларынының кенеттен бұзылуынан туындайтын анемия:

  • іштің ауырсынуы;
  • несептің қоңыр немесе қызыл болуы ;
  • сары ауру (терінің сарғаюы) ;
  • тері астындағы шағын қанталаулар;
  • бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары .
Ауа райы, бас ауруы
©medinkur.ru

Анемияның түрлері қаншалықты қауіпті?

  1. Қан жоғалтудан болатын анемия. Қызыл қан жасушалары ұзақ уақыт бойы баяу созылған, қан кету салдарынан қан көп жоғалтады. Мұндай созылмалы қан кетулер әдетте, асқазан ішек жолдарының дертінің нәтижесінде болады. Мысалы,  ойық жаралар, геморрой, гастрит (асқазанның сілемей қабатының қабынуы) және қатерлі ісік.
  2. Қызыл қан жасушалар санының азаюынан немесе түзілу механизмінің бұзылуынан туындайтын анемия. Орақ тәрізді жасушалы анемияда қызыл қан жасушалары генетикалық ауқау салдарынан орақ тәрізді болады. Бұл анемия түрінде де оттегі ағзаларға жеткізілмейді, бұл анемияға апарады. Орақ тәрізді қызыл қан жасушалары ұсақ қантамырларында тіреліп қалуы да мүмкін, бұл ауырсынуды туындатады.
  3. Түзілетін қызыл қан жасушалар санының азаюынан туындайтын анемия. Темір тапшылықты анемия организмдегі органикалық емес темірдің жетіспеуі салдарынан дамиды. Сүйек кемігі (сүйектің орталық бөілігі) оттегіні ағзаларға тасымалдайтын қызыл қан жасушаларының құрамбөлігі – гемоглобинді өндіру үшін қажет. Темірдің мөлшері сәйкес болмағанда, организм қызыл қан жасушалары үшін гемоглобинді жеткілікті мөлшерде өндіре алмайды. Нәтижесі — темір тапшылықты анемия.
  4. В12 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеуінен болатын анемия  (мегалобластық анемия) –организмдегі В12 дәруменінің тапшылығы. Қызыл қан жасушаларын түзу үшін организмге В12 дәрумені және фолий қышқылы қажет. Егер олардың бірі немесе екеуі де организмде жетіспейтін болса, мегалобластық анемия дамиды. В12 дәруменінің жеткіліксіз сіңуі крон ауруының, ішектің паразитарлық инфекциясының, асқазан мен ішектің бөлігінің хирургиялық жойылуының,   АИТВ(ВИЧ) — инфекцияның салдары болуы мүмкін.  Етті аз жейтін немесе мүлде жемейтін, қатаң өсімдік тектес емдәмді ұстанатындар тамақпен В12 дәруменін жеткілікті мөлшерде алмайды.
  5. Aпластикалық анемия – жасушалар санының едәуір азаюында немесе олардың болмауы салдарынан дамитын күрделі ауру. Апластикалық анемия тұқым қуалайды. Кейде себепсіз немесе сүйек кемігінің дәрілік препараттармен, радиациямен, химиотерапиямен немесе инфекциямен зақымдануынан дамуы мүмкін.
  6. Талассемия – анемияның тұқым қуалайтын түрі, бұл кезде қан жасушаларының дұрыс қалыптасуы және өсуі мүмкін болмайды. Бұл Жерорта теңізінің, Африканың, Орта және Оңтүстік Азияның өңірлерінен шыққан адамдарға тән келетін, тұқым қуалайтын дерттік жағдай. Бұл жағдайдың аса ауыр түрі – Кули анемиясы деп аталады. Қорғасынмен улану ересектерде жұмыста және балаларда, болған чипсілерді жегенде орын алуы мүмкін.
  7. Басқа дерттік жағдайларға қосарланатын анемия. Бүйрек ауруы дамыса және гипотиреоидизмде организм қанның қызыл жасушаларының түзілу үрдісіне қажетті сәйкес гормондарды өндірмейді. Басқа созылмалы аурулар немесе инфекциялар түзілетін қанның қызыл жасушаларының санын азайтуы мүмкін.

Қалай сақтануға болады?

Темір тапшылықты анемияның алдын алу үшін тағамды дұрыс үйлесімді емдәм бойынша тұтыну қажет. Оған темірдің көздері, В12 дәрумені мен фолий қышқылы енуі тиіс. Сондай-ақ, мына ережелерді есте сақтаған дұрыс:

©okeydoc.ru
  • егер вегетариандық емдәмді тұтынатын болсаңыз, тағамтану бойынша маманмен немесе дәрігермен қажетті қоспалар мен емдәмді талқылаңыз;
  • тағамтану бойынша маманнан немесе дәрігерден С дәруменін тұтыну қажеттілігін сұраңыз. C дәрумені асқазанның қышқылын күшейтеді және емдәмнің өнімдерінен темірдің сіңуін жақсартуы мүмкін;
  • кофеин мен шәйді тұтынуды азайту қажет. Бұл заттектер темірдің сіңуін басуы мүмкін. Темірдің басқа да тежеушілері EDTA сақтауыштары, талшықтар, кальцийдің үлкен мөлшері, кейбір көкөністерде болатын фитаттар;
  • темірмен байытылған жармалар мен нанды таңдаңыз;
  • дәрігерден немесе жергілікті денсаулық сақтау органдарынан тамақ немесе сусын әзірлейтін керамикалық ыдыста қорғасынның мөлшері болуын анықтайтын тестілерді сұрастырыңыз.