Әлемдік мұнай бағасы арзандады

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,65 долларға арзандап, 60,99 доллар болды.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррель үшін 0,9 долларға түсіп, 63,83 долларды құрады.

ДереккөзInform.kz