Алматы облысын су басып жатыр — Серікхан Тұраров

Облыс аумағындағы ауа температурасының көтерілуіне байланысты ағымдағы жылы 25 ақпанынан бастап Төтенше жағдайлар департаменті жұмысын күшейтуге кірісті. Қар жамылғысының қарқынды еруінен жер үйлердің аулаларын су басты.

Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суару жүйелері мен арналарын тазартып, су басқан аулаларын тазартуда. Төтенше жағдайлар департаменті аймақтың төменгі таулы аудандарында мүмкін болатын су басу туралы дауылды ескертуді СМС хабарламалар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуда.

«24 ақпанда облыста аулалар мен көшелерді қардың ерігеннен кейін 17 су басу оқиғасы тіркелді. Онда үйлердің ауласын су басуы, арық жүйелерін тазарту, бөгеттерді жинау және суды сорып алу үшін жергілікті атқарушы органдардан 150-ге жуық және Алматы облысы ТЖД-нен 60-қа жуық адам қатысты. 60 бірлік техника және 20 қозғалтқыш сорғысымен 407,5 текше метрден астам су шығарылды», — деді Серікхан Тұраров.

25 ақпан күні 130 аула аумағын су басқаны туралы 17 хабарлама келіп түсті. Барлық өтініштер тиісті қызмет бөлімдеріне жіберілді. 25 ақпанда жергілікті атқарушы органдардан 86 адам, облыстың Төтенше жағдайлар департаментінен 81 адам, 48 техника, 9 қозғалтқыш сорғысы жұмылдырылды, — деді Алматы облысы ТЖД «Жедел — құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сайлаубек Чарапиев.

Жиын соңында төтенше жағдайлар департаменті су апаты қауіпті жерлерде тұратын азаматтарға, су басуды болдырмау мақсатында, өз учаскесіндегі арықтарын тазартуды ескертті.