Америкада Абайдың әндері орындалды

Мұхит асып келген «Хамин хаус фолк» тобы қазақтың данышпан ақынының әйгілі «Айттым сәлем, Қаламқас» шығармасын жергілікті музыка колледжі студенттерімен бірге шырқады. Мұнан өзге ағылшын тіліндегі туындылар да көпшіліктің көңілінен шықты.

Топтың концерті Қазақстандағы АҚШ елшілігінің «Шетелдегі американдық музыка» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. «Мақсатымыз — өзара мәдени ынтымақтастықты нығайту», — дейді елшілік қызметкерлері.

«Негізі бұл кісілердің концерті еліміздің Астана және Алматы қалаларында ғана жоспарланған болатын. Бірақ қалалық мәдениет бөлімі қазір АҚШ елшілігімен тығыз байланыс орнатып, жаз уақытында халыққа 2 топты әкеліп, тағы тамаша концерттер ұйымдастырмақ ниеттеміз», — дейді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Назерке Аққожина.

Дереккөз24.kz/kz