Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

«Жақында біз Үкіметтің былтырғы жылғы істеген шаруаларын барлық жағынан, барлық саладан тыңдадық. Ол жұмыстардың барлығына жалпы алғанда оң баға бердік. Істелінбей жатқан шаруалардың барлығына тиісті тапсырмалар бердік. Ел болғаннан кейін шаруалар көп болады. Алдымыздағы мақсаттар көп. Себебі біздің қойған ұлы мақсатымыз өте үлкен. Өркендеген, өскен 30 елдің арасына кіру үшін талай шаруа жасауымыз керек», — деді отырысты ашқан Елбасы.

Қазақстан Президенті дамыған елдердің қатарына қосылу жолында бірнеше кедергінің, қиыншылықтардың, өткелдердің бар екендігін баса айтты.

«Оның барлығынан өтіп, бағдарламаларымызға тиісті өзгерістер енгізіп отыруымыз керек. Өткен жылы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама қабылдадық. Қауіпсіздік тек қана әскери қауіпсіздік, ішкі саясат емес барлық жағынан болуы тиіс. Барлық салада жасайтын шаруалар көп. Сондықтан қалай орындалып жатыр деген мәселемен бүгін жұмыс істейтін боламыз. Одан кейін осы салада бір облысты әрқашан таңдаймыз дедік. Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан шаруаны қараудың арқасында барлық облыстарға не істеу керек екендігі жөнінен тиісті мәліметтер береміз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дереккөзkazinform.kz