Алматыда жастарды баспанамен қамтуға 2 млрд теңге бөлінетін болды

Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасына сәйкес қала жастарын қолдау бағытында 2020 жылға дейінгі жол картасы қабылданғанын айтты. Былтырдың өзінде осы бағытта 4 млрд теңге жұмсалды.

«Қазір Алматы тұрғындарының шамамен жартысы — жастар. Олардың орта жасы 33,5 жас. 200 мың жуық студент білім алады. Бұның артықшылығымен қатар қиыншылықтары да бар. Республика бойынша жастар жұмыссыздығының ең жоғарғы көрсеткіші — 6,5 пайыз. Бұл көрсеткіш Алматыға тиесілі. «Алматы жастарын қолдау — 2020» жол картасы қабылданды. Былтыр 4 млрд теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында алдын ала үй құнының 5 пайызын ғана төлеп, несие алу мүмкіндігіне ие болды. 6 мың адам өтініш білдірді. Балдық жүйемен 100 өтініш қабылданды. Сұраныстың көптігіне байланысты биыл да бұл бағдарлама өз жалғасын табады. Былтыр 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 2 млрд теңге қарастырылған», — деді Бауыржан Байбек.

Дереккөзkazinform.kz