Бұл шара «Сұңқар» xалықаралық трамплиндер кешенінің баспасөз залында 20 жас спортшылардың қатысуымен өтті. Олар, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Байсеитов және «Velocity.kz» қоғамдық қорының басшысы Алмагүл Қасымованың қолынан сыйылқтар алды.
«Алматы қаласының спорт мектептерінде тәрбиеленетін жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға «Almaty bike» жобасының жылдық сертификаты мен «Самұрық-Казына» ұсынған сыйлықтарды табыстадық. Балалардың арасында жасы кішілерде бар, бірақ балаларға сыйлықтар табыстап, көтеріңкі көңіл күй сыйладық деп ойлаймын. Оларға біздің велосипедпен кез келген уақытта, ата-аналарды да пайдалана алатындығын айттық. Олардың ата-аналарына біз тегін қала ішінде қатынайтын, автокөліктер мен қоғамдық көліктерінің баламасын ұсынып отырмыз», — деді Алмагүл Қасымова.
Бұл сертификаттар 2019 жылдың 1-і наурызына дейін жарамды. Сыйлықтар табысталып біткен соң қатысушылар естелік суретке түсіп, өз ойларымен бөлісті.
«Бұл деген өте керемет. Мен қаладан осы жасыл велосипедтерді жиі көретінмін, бірақ әлі теуіп көрмеппін, енді жиі пайдаланатын боламын», — деп өз ойымен қатысушылардың бірі, таеквондист Еламан Мархауыт бөлісті.
Қазіргі танда,«Velocity.kz» қоғамдық қоры Almaty bike, Shymkent bike және Astana bike жобаларын іске асыруда. Алматыда 200 велобекеттері 1730 велосипедпен халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындары бұл велосипедттерді қысы-жазы қолдана алады. Almatybike жобасы туралы ресми сайттан біле аласыздар http://almatybike.kz/.