Бауыржан Байбек жаңадан енгізілген Almaty Bike жүйесін сынақтан өткізді

Almaty Bike жүйесін сынақтан өткізген қала әкімі бұл жобаны іске асыруға ресми түрде бастама берді. Велостанциялардың бірі әкімдіктің алдында орналасқан екен. Айта кетейік, қалада осындай 50 станция орнатылып қойған. «Велосипедпен жүру өте пайдалы, адамның денсаулығына да жақсы әсер етеді. Қалаға адамдарды тартуға да жақсы», — деді Байбек.

«Алматыда арнайы техникалық қызмет жұмыс істейтін болады. Яғни, станцияларда велосипедтер болмаған жағдайда, олар толықтырылатын болады. Біздің almatybike.kz деген сайтымыз бар. Онда қолданушылар тариф жайлы, карточкамен қалай қолдану керектігі жайлы мәлімет таба алады. Сонымен қатар, жақында біз ұялы қосышаны да жүзеге асырамыз», — дедң Қоғамдық VeloCitykz қорының басшысы Алмагүл Қасымова.

Айта кетейік, велосипед хроммен қапталған құрыштан жасалған. Велосипедтің детальдары басқа велосипедтердің біреуіне де ұқсамайды екен.

ДереккөзTengrinews.kz