Алматының орталық көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыдағы басты бес көше көрделі жөндеуден өтіп, жолаушыларға ыңғайлы бола түспек. Сондай-ақ көлік қозғалысы мен темір тұлпар тұрағын қысқарту көзделіп отыр екен. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталады.

Атап айтқанда, қаладағы Абай, Төле би, Достық пен Назарбаев көшелерінде және Абылай хан даңғылында веложолақ, жүргінші өткелі, балалар алаңқайы мен спорттық алаңдар жасалады.

Былтыр Қабанбай, Қарасай батыр, Жібек жолы мен Панфилов, Гоголь көшелеріне де осындай жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Бірақ онда қала тұрғындары жүруге емес, көліктерге көбірек жағдай жасалған. Ал бұл жолы жаяу жүргіншілерге де барлық қолайлылық қарастырылмақ.

«Панфилов көшесін өзгерткеннен кейін біз бақылау жасай бастадық. Былтыр қаңтар айында 10 минуттың ішінде көшенің бір бөлігінде 365 автөкөлік тұраққа жайғасқан. Ал сол уақыттың ішінде Панфилов көшесі арқылы 3 адам ғана жаяу жүріп өткен еді. Ал өзгерістерден кейін 10 минуттың ішінде кем дегенде 200 адам жаяу жүріп өтеді екен. Ал жол бойымен өткен көлік небәрі 3-еу ақ болды. Енді аталған бес көше бойынша тротуардың көлемі қысқартылып, жаяу жолақтың ауқымы артатын болды. Ыңғайлы жерлерде арнайы алаңдар салынады», — деді Урбанистика орталығының директоры Наталья Ливинская.

Дереккөзalmaty.tv