Ерлан Біләл актерлік жұмысын жалғастырады

«Ерлан осы театрдағы негізгі репертуарларды басты кейіпкерлерді сомдайды. Ол Мұхтар Әуезовтың «Абай жолындағы» Абай, оны Ерланнан басқа ешкім ойнай алмайды. Ол Дулат Исабековтың «Жау жүрегіндегі» Балуан Шолақ, Исраил Сапарбаевтың «Сыған серенадасындағы» Шәмші бейнесі, Әкім Таразидың «Ақын періште махаббаттағы» Мұқағали бейнесі. Ерланның бірінші Алла Тағала берген таланты, артистизм, кәсіби шеберлігі, нағыз өнердегі тұлға. Сондықтан тұлға театрдан бөлініп ешқайда кетпейді», — деді Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров.

Естеріңізде болса, әкем театрды басқарған тұлғалардың осымен екінші рет басы дауға қалып отыр. Алғашқысы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрын 1993-2001 жылдар аралығында басқарған Тұңғышбай Жаманқұлов та өткен жылы «Феникс» көркем фильміне бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды» деп айыпталған еді.

Ал биыл Ерлан Біләл 1 жарым миллион теңге пара алғанын сотта толығымен мойындады. Осы тұста, Асхат Мақсымұлы әкем театрдың тәжін тот бастырмауға тырысатындығы тілге тиек етті. Ал сексеннің сеңгіріне шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт әкем театрда жұмыс істеп келе жатқан халық әртісі Сәбит Оразбаев осындай олқылықтың бұл ордада болғаны орынсыз екенін қынжыла айтты.

«Қара шаңырақта ұлылар бастап келе жатқан із жаңғырып жатуы тиіс. Ол жастармен толығып жатуы тиіс, менің ұғымым да солай. Себебі бұл Қазақстанның театр өнерінің алтын тәжі, ал алтынды тот баспауы керек, алтынды жарқыратып биік ұстауымыз керек. Сондықтан бұл тұрғыда да менің алдымдағы мақсат та сол», — деді Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров.

Айта кетейік, 5 қаңтар күні Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл пара алып жатқан жерінде ұсталды. 7 ақпанда сот оны айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарған болатын.

Дереккөзbaq.kz