Ана сүті – табиғаттың берген ғажайып сыйы, сәби үшін ең мінсіз қорек. Оның құрамында баланың өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттар, ферменттер және ең маңыздысы- ақуыздық байланыстар сынды барлық компоненттер бар. Дәл осы ақуыз – жасушалардың, ферменттер мен гормондардың негізгі құрылыс материалы.

Сәби өзін қауіпсіз сезінуі үшін анасымен тығыз байланыста болуы керек. Емізу — сол байланысты орнатудың ең жақсы тәсілі. Әр ана баласына ең үздігін бере алады. Себебі әр ананың сүті бала ағзасының қажеттіліктеріне қарай бейімделіп отырады. Мұндай композицияны жаңадан ойлап табу немесе қайталау мүмкін емес!

Сәбидің ас қорыту жүйесі толық қалыптаспаған, алайда ол ана сүтіндегі ақуызды жақсы сіңіреді.

Жоғары сапалы ақуыздың сәби өміріндегі маңызы қандай?

  • Тұрақты өсу — бұл балаңызға нағыз керегі. Сәбиге сүтпен берілетін ақуыз оның физикалық өсуі мен салмағына әсер етеді.
  • Жоғары сапалы ақуыздар ас қорыту жүйесін демейді және сәбидің жетілмеген мүшелеріне түсетін салмақты азайтады.
  • Медициналық зерттеулердің нәтижесі бойынша, кейбір жоғары сапалы ақуыздар аллергияның даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
  • Жоғары сапалы ақуыздар сәбидің табиғи иммундық жүйесін нығайтады. Олар сәбидің ішегіндегі бифидобактерияларға жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.
  • Ақуыз мөлшері сәбидің болашақ денсаулығына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы сарапшылар жақында зерттеу жүргізген екен. Қажетті мөлшердегі ақуыз баланың мектеп жасында семіру қаупін төмендетеді.

Ана сүтіндегі ақуыздың қандай ерекшеліктері бар?

Ана сүтінде көп мөлшерде сарысу ақуызы, аз мөлшерде казеин және қорыту процесін жеңілдететін жартылай ыдыратылған ақуыздар мен ферменттер болады. Сарысу ақуызы асқазанда тамаша қорытылады, ал оның емшек сүтіндегі казеинмен ара қатынасы 70/30-ды құрайды. Ақуыз құрамына кіретін аминқышқылдар деңгейі емшек сүтімен үйлесімді. Осылайша, емшек сүтінің ақуызы сәбиге арналған үйлесімді мөлшерімен, сонымен қатар жоғары сапасымен ерекшеленеді. Дәл сол себепті сәбиге ана сүтінен асқан нәрлі тағам жоқ.

Алайда ана сүті аз болатын немесе тартылып қалатын жағдайлар кездеседі. Мұндайда сәбидің қарны тоймай мазасыздануы мүмкін. Одан бөлек салмақ қоспау және баяу даму қаупі бар. Көп жағдайда жас аналар емшек сүтін сиыр сүтімен алмастырып жатады. Олар екі сүттің құрамының бірдей екеніне сенімді.

Сиыр сүтінің сәби ағзасына әсері қандай?

Табиғи сиыр сүті өсіп келе жатқан бала үшін пайдалы әрі нәрлі заттектердің қайнаркөзі деп есептеледі. Расымен, сиыр сүтінде пайдалы және нәрлі заттектер көп, бірақ бұзау үшін ғана пайдалы. Ал сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін сиыр сүті ауыр болады.

Екі жасқа толмаған балалар үшін сиыр сүті несімен қауіпті?

  • Сиыр сүтінде сарысу ақуызының казеинмен ара қатынасы 20/80-ді құрайды, ал ақуыз мөлшері — емшек сүтінен 3 есе артық! Бұл сәбидің нәзік ас қорыту жүйесі үшін тым ауыр. Сәби рационында ақуыздың шамадан тыс мөлшері зат алмасудың бұзылуына, тез өсуге және семіруге әкелуі мүмкін.
  • Минералды заттектер сәби ағзасына қажетті мөлшерден айтарлықтай көп. Олар бүйрек жұмысын қиындатады, ал шамадан тыс ақуыз қандағы инсулин деңгейін арттырады.
  • Сиыр сүтінің құрамындағы ақуыз — ең мықты аллергендердің бірі.

Сондықтан емшек сүтін сиыр сүтімен алмастыру және қаймағы алынбаған сиыр сүтімен 2 жасқа дейінгі сәбилерді тамақтандыру ұсынылмайды. Анасы сәбиіне бере алатын ең үздік азық — бұл емшек сүті!

21 пікір

  1. Шіркін ана сүтіне ештеме жетпейді гой,мүмкіндігінше сиыр сүтімен алмастыруға болмайды

  2. Ана сутын ешкандай нарсемен ауыстыруга болмайды малдын сутымен ауыстыруга болама деп айтканнын озы артык деп ойлаймын ана шіркін аттын озы киелы кез келген затка тенеуге болмайды

  3. Ана сутин еш нпрсемен тенестируге болмайды

  4. Ана сути жок болса не истимиз не тамак беремиз еки 2жаска дейнги балага

  5. Ана сутіне жетпеиді бірак менің кызым 29-на 6-ай болады мен кешкісін сиыр сутінен 30 гр сут берем емшек сутіне тоимаиды бул болама

  6. Күніне 50-100гр берсе болатын шығар. А то емшек сүті болмаса басқа не береді.

  7. Салеметсиздерме менин емшек ушы тилинип емизалмай жумин бир мезгил нестожен берип журмин ол зиян емес шыгар

  8. Ана сутин ешкандай косымша тагаммен алмастыруга болмайды

  9. бул дуниеде ананын ак сутине жетпейди еш тенке.

  10. Ей адамдар/аналар/осыны біліп жүрсеңдер жəне баланы төрт мезгіл емізуді ұмытпасын деп жазылған сияқты бөтелке емген, бала бөтелкеге жақын болады деген ұғым дұрыс айтылған!…..

  11. Малдың сүтін бергенше Нутрилон бер малдың үстінде ауру коп оны сен зерттеп бермейсің го Нутрилонда ана сүтіне ұқсас витаминдер бар

  12. Салеметсиздерме. Мен биринши баламда еки айлыгында озинен ощи сутим тартылып калган. Жети айга дейн смес бердим. Ары карай сиыр сутин бердим косымша нестле кашалары турлиси барго соларды бердим. Бонди печене айран иогурт тагы уйдин тамагы манный каша бердим. Еш ауырганда семиргенде жок. Казир тортке толады. Ал екинши балам бес айлык оны емизип жатырмын аллага шукир.

  13. 2 жастан асқанша емізге дұрыс.Егер сүтіңіз тартылып немесе аз болатын болса ешкі сүті ең пайдалы деп есіткем.

  14. Қазіргі таңда бәрі нәзік болып кеткен сиырдын сүтімен ақ су арластыра отырып қаншама баланы өсірген ғой кезінде

  15. Нутрилон өте қымбат, жағдайы жақсы ақшасы бар адамдар ғана алалады…

  16. мен ұлыма тек емшек сүтін ғана беріп жүрмін одан басқаны ішпейді де, жемейді де. бір жастан кетті бар қорегі сол. құдайға шүкір бір ауырып көрмепті. бұйырса екіге келгенше емізбекпін.

  17. Биринши баламды 29 аптада босандым. Құдайға шүкір етемін. Биринши Алланың, екинши сол Алланың менин бойыма дарыткан сол сутинин арқасында шала туған балам тез куаттанып алды. Казир шүкір 5 жаста, денсаулыгыда, ақыл ой ориси де жетик. 2 жастан асканша, әбден ози койганша емди, мүлде суалтам деп шектеу коймадым. Казир екинши баламда 2жаска жақындап қалды. Оған да шектеу қоймаймын, ози токтаганша емеди. Алланың улдарыма деп, солар ушин берип тұрған, бойыма аямай дарыткан сутти мен неге токтатуым керек.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!