Олимпиадаға Қазақстаннан 49 спортшы 57 жолдама жеңіп алды. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Айта кетейік, Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Еске салайық, Қысқы Олимпиада ойындары тарихында Қазақстан үшін алғашқы медальді қостанайлық шаңғышы Иван Гаранин жеңіп алған болатын.
1994 жылы Қазақстан алғаш рет тәуелсіз мемлекет ретінде Қысқы Олимпиадаға қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс медаль салған болатын. Бұл үш медальды да шаңғышы Владимир Смирнов жеңіп алды.
Сол уақыттан бері Қазақстан спортшылары Қысқы Олимпиада ойындарынан бірде-бір алтын жүлде алмады.
2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен соңғы Қысқы ойындарда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.