«Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған немесе әдеби шығарма негізінде қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған сценарийлер қабылданады.

Конкурс жұмыстарына қойылатын талаптар:

  • Сценарийде конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер болмауы керек.
  • Көлемі 5-20 бет болуы тиіс.
  • Авторлар санында шектеу жоқ, бірақ киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал.
  • Қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек.

Сценариймен бірге:

• Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);
• Аннотация (500 белгіге дейін);
• Синопсис (3000-4000 беліге дейін) жіберу қажет.

Жұмыстарды 7 ақпан мен 7 мамыр аралығында [email protected]  электронды поштасына жіберуге болады.

Қосымша ақпарат үшін + 7 727 313 11 35 нөміріне хабарласуға болады.