«Қайрат ФК» грузиялық маман жаттықтырады

Кахабер Цхададзені өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары футболды тамашалаған жанкүйерлер жақсы біледі. Ол алдымен Тбилисидің «Динамо» командасында, одан кейін Германияның «Айнтрахт», Англияның «Манчестер Сити», Мәскеудің «Динамо» мен «Спартак» клубтарында ойнаған. Сонымен бірге ол ТМД құрамасында жасыл алаңға шығып, кейін біраз жыл Грузия ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен.

Жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Сол кезде Грузияның «Локомотив» командасын жаттықтырған. Осы қызметтен кейін Кахабер Цхададзе «Сиони», Бакудың «Стандарт» және «Интер» клубтарында жұмыс істеген.

Биылғы жылға дейін Грузияның ұлттық құрама командасын жаттықтырды. Жаттықтырушы ретінде ол екі рет Грузияның, бір рет Әзербайжанның чемпионатын жеңіп алды.

Жақында «Қайрат» ресейлік бапкер Артем Бородюкпен келісімді үзген болатын.

ДереккөзЕгемен